Forte Challenger 125 турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Михаил Кукушкин алғашқы айналымда португалиялық Фредерико Ферейра Сильвамен ойнайды.
Доданың бірінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Сун-Ву Квон словениялық Блаж Роламен кездеседі. Финляндияның үздігі Эмиль Руусувуори тәжірибелі сербиялық Виктор Троицкимен шеберлік байқасады.
Турнирге арнайы шақырту алған қазақстандықтардың қарсыластары да белгілі болды. Денис Евсеев жапониялық Татсума Итоның шамасын байқап көреді. Қос қазақстандық Тимофей Скатов пен Дмитрий Попконың қай жеңгені келесі кезеңге өтеді. Александр Недовесов іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.
Жұптық сында А.Недовесов В.Троицкимен бірге франциялықтар Уго Гренье – Александр Мюллер, Д.Евсеев –өзбекстандық Денис Истоминмен жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен кездеседі. Сондай-ақ Т.Скатов – фин Отто Виртанен және ресейліктер Евгений Донской – Богдан Бобров, Д.Попко – грузиялық Александр Метревели және жапониялық Т.Ито – ұлыбританиялық Райан Пенистон, тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин – украиналық Владислав Манафов және үндістандық Баладжи Нсриама – словениялық Б.Рола жұптары өзара сынға түседі.
Бұл – елордада қатарынан өтіп жатқан екінші жарыс. Forte Challenger 100 турнирі жексенбі күні мәреге жетеді. Мұнда жекелей сында финалда америкалық Маккензи Макдональд пен аустралиялық Юрий Родионов бас жүлдені сарапқа салады. М.Макдональд бірінші кездесуінде қазақстандық М.Кукушкинді сүріндірген болатын.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.