Дмитрий Попко Forte Challenger 100 турниріндегі жұптық сында ширек финалға шықты

24.02.2021    Оқылғаны: 1295
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Дмитрий Попко мен грузин теннисшісі Александр Метревели жұбы Нұр-Сұлтандағы Forte Challenger 100 турнирінің 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дмитрий Попко/Александр Метревели бірінші айналымда Ян Бондаревский (Ресей)/Доминик Палан (Чехия) жұбынан басым 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Матч жеңімпаздары допты ойынға қосуда қос бірдей қателікке жол беріп, бес брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды. Ширек финалда қазақстандық-грузиялық тандем АҚШ өкілдері Натан Паша/Макс Шнурмен кездеседі.

«Ойын тең дәрежеде өтті. Алғашында қарсыластарымыздың ойыны жүрмей, олардың біршама қобалжуы байқалған еді. Бірінші сеттегі гейімдердің бірінде олар допты ойынға қосуда қос қателікті үш рет қайталады.  Біз әрине мұндай мүмкіндікті қалт жібермедік. Екінші партияда қарсылас жұптың брейк-пойнттары көп болған, оларға тойтарыс беруде біздің жолымыз болып, жеңіске жеттік. Кортта барын салған әріптесім, Александр Метревелиге алғыс айтқым келеді. Мен онымен соңғы рет осыдан төрт жыл бұрын жұптасып кортқа шыққан едім. Біздің бұдан бөлек жеңістеріміз жеткілікті, ал бүгін біз мықтылығымызды дәлелдеп, жақсы ойын көрсете алдық», - деп атап өтті ойыннан кейін Попко.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер