Федерация

Қазақстанның теннис федерациясы - халықаралық теннис ұйымдары мен  шетелдік өзге теннис федерацияларымен ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі. ҚТФ Азия теннис федерациясы мен Халықаралық теннис федерациясының мүшесі болып табылады,  бес дауысқа ие. 

Қазақстанның теннис федерациясының негізгі жобалары – Қазақстанда балалар теннисін дамыту, Team Kazakhstan, аймақтарда теннисті дамыту, Қазақстанда жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды сертификаттау бағдарламасы, турнирлер өткізу, төрешілер тағайындау бағдарламасы, әуесқойлар арасында теннисті дамыту. 2007 жылдан бастап Өтемұратов Болат Жәмитұлы Қазақстанның теннис федерациясы президенті болып тағайындалды. Федерацияның басты кеңсесі Астана қаласында орналасқан. Астана мен Алматы қалаларын есепке алмағанда, Қазақстанның 12 облысында федерацияның бөлімшілері жұмыс жасауда. 

Қазақстан теннис федерациясы өткізген турнирлер:
  • Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы 
  • Gold series
  • Futures сериясының турнирлері 
  • Challenger сериясының турнирлері
  • ITF жасөспірімдер турнирлері 
  • ATF жасөспірімдер турнирлері
  • ҚР кысқы және жазғы чемионаттары 
  • Жасөспірімдер біріншіліктері 
Мақсатымыз - теннисті әрбір қазақстандықтың сүйікті спорт түріне айналдыру. 

Біз шынайы жанкүйерлер командасымыз және біздің құндылықтарымыз:  отаншылдық, нәтижелілік, кәсіпқойлық, адалдық  және сенім.

Біздің мақсатымыз: 
  • Салауатты өмір салтын насихаттау
  • Қазақстанда теннисті дәріптеу 
  • Аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту 
  • Болашақ әлем чемпиондары Қазақстан теннисшілерін тәрбиелеу
  • Қазақстанды әлем сайыстарында лайықты көрсету және жеңіске жету