Қазақстандық теннис туры (ҚТТ) – Қазақстан Теннис федерациясының басшылығымен өткізілетін Қазақстандағы теннис бойынша жарыс жүйесі.
Қазақстандық теннис туры қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
Қазақстандық теннис туры қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- Жарыстар күнтізбесін құрайды;
- Жасөспірімдер мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионат(тар) туралы ережелерді және ҚТТ регламентін әзірлейді;
- Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіруге ықпал ететін нормативтік құжаттар мен әдістемелік материалдарды әзірлейді;
- ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен және Қазақстан Республикасының облыстық және қалалық орталықтарының дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан чемпионаттарын ұйымдастырады және өткізеді;
- ҚТТ турнирлерін, ардагерлер мен әуесқойлар жарыстарын ұйымдастыруға және өткізуге ықпал етеді;
- ҚТТ ережесіне сәйкес төрешілер алқасының қызметін қамтамасыз етеді;
- Қазақстанда жарыстарды ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру үшін ҚТТ төрешілерінің семинарларын ұйымдастырады және өткізеді;
- Ойыншылардың және олардың өкілдерінің ҚТТ регламентін, ойын ережелерін және жарыстарды өткізу туралы ережелерді ұйымдастырушылар мен бас төрешілердің бұзушылықтарына шағымдары мен наразылықтарын,сондай-ақ ойыншылардың Ойыншы кодексін және төрешілердіңТөреші кодексін бұзуын белгіленген тәртіппен қарайды және олар бойынша пәрменді шаралар қабылдайды;
- ҚТТ турнирлерінде және ресми халықаралық жарыстарда қазақстандық ойыншылардың нәтижелерін ескереді және қазақстандық теннисшілердің рейтингісін жүргізеді.
- President's Cup (ATP Challenger Tour и ITF Women's)
- 12 жасқадейінгіжәне 14 жасқадейінгі Қазақстан Кубогі
- ATP Challenger Tour турнирлері
- ITF Futures және ITF Women's турнирлері
- 12&under Asian Team Competition Final
- Қазақстан чемпионаты және Жасөспірімдер біріншілігі
- Davis Cup және Fed Cup
- Masters 10&under және 12&under
- Gold 14&under және 16&under
- ATF Junilor 14&under
- ITF Junior