БАҚ турнирлері
Медиа өкілдерге арналған BAQ Open әуесқой турнирі
2019 жылдан бері Қазақстан теннис федерациясы дәстүрлі түрде жыл сайынғы BAQ Open әуесқойлар турнирін өткізіп келеді. Бұл жарыс бұқаралық ақпарат құралдары, PR және баспасөз қызметкерлері арасында ұйымдастырылып жүр.
Жаз мезгілінде матчтар Алматыдағы топырақ корттарда, ал қыс кезінде Астана қаласындағы хард корттарында өтеді.
BAQ Open жылдар бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен медиа тұлғалар бас қосатын бірегей ортаға айналды. Турнирге журналистер, блогерлер, операторлар мен фотографтар, монтажерлер және медиақауымдастықтың өзге де өкілдері қатысады.
Турнирдің басты миссиясы – белді мамандарды бір ортаға біріктіріп, әріптестер арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарып, сондай-ақ бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.
BAQ Open қатысушыларды тек додаға салып қана қоймай,сонымен қатар достық атмосферада тәжірибе алмасуға әрі шабыт алуға мүмкіндік сыйлайды.
Жарыс форматы мен регламенті
Турнир тек әуесқойлар арасында өтеді. Барлық қатысушыға теңдей тартыс әрі әділ бәсеке болуы үшін ұйымдастырушылар ойыншыларды соңғы нәтижелеріне қарай рейтингке бөледі. Бұл көрсеткіштер жеребе тарту кезінде ескеріледі.
Өткізу жүйесі: алғашқы кезеңде қатысушылар топтарда айналмалы жүйе бойынша сынға түседі. Одан кейін плей-офф кезеңі басталып, ойыншылар «Masters» және «Futures» атты екі толыққанды турнирлік кестеге жайғасады.
Матч форматы: әр кездесу қос тарап үшін алты геймге дейін жалғасатын бір сеттен тұрады. Есеп 6:6 болған жағдайда жеңімпаз классикалық тай-брейк арқылы анықталады.
Маңызды ақпарат
Жарыс регламентіне сәйкес ұйымдастыру комитеті себебін түсіндірместен кез келген үміткердің өтінімін қабылдамауға құқылы.
Турнирге өтінім беру арқылы қатысушылар өздерінің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қарсы анықтама жоқ екенін растайды, өз денсаулығына толық жауапкершілік алады және форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде ұйымдастырушыларға қандай да бір арыз-талап қоймауға келіседі.
2026 ж. жеңімпаздар
2025 ж. жеңімпаздар
2024 ж. жеңімпаздар
2023 ж. жеңімпаздар
2022 ж. жеңімпаздар