Дэвис Кубогы Джуниор 2024

Дода туралы


Шымкентте екінші жыл қатарынан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.

13 - 25 мамырда болатын додада Қазақстаннан басқа Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Тайбэй, Гонконг, Иран, Индонезия, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Иордания, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Шри-Ланка құрамалары бақ сынайды.

Өткен жылы 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамалары өз тарихында алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.

Әр іріктеу сайысына 16 команда қатысады. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығып, жолдамаларды сарапқа салады. Биыл Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша жартылай финалға шыққан командалар әлем чемпионатына жолдама алады.

Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы

Турнир серіктесі - «Marai» ауыз суы

Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры



Дэвис Кубогы Джуниор (Davis Cup Juniors) - 16 және одан кіші жас тобындағы ұлдар арасындағы теннистен негізгі халықаралық командалық турнир.

Турнирді алғаш рет ITF 1985 жылы 16 жасқа дейінгі әлем чемпионаты деген атпен өткізді.

Жыл сайын елдер аймақтық іріктеу жарыстарында бақ сынасады, жеңімпаздар чемпион атағы үшін күресетін финалға өтеді. Қазақстан құрамасы Азия мен Океания географиялық белдеуіндегі іріктеу кезеңіне қатысуда.

Ұқсас турнир әйелдер командалары арасында Билли Джин Кинг Кубог Джуниор болып табылады.

Жасөспірімдер турнирінің ересектер арасындағы баламасы Дэвис Кубогы болып табылады.

Құрамы

СергейКвак (C)
ЗаңғарНұрланұлы
ДамирЖалғасбай
Тазабеков Даниэль
ДаниэльТазабеков

Күнтізбе



Live!

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер