Теннистен ӘЧ: іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
20-25 мамырда Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.
Командалық әлем чемпионатына жолдаманы Қазақстан, Аустралия, қытайлық Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам, Иордания құрамалары сарапқа салады.
Belline Arena ұлттық теннис орталығында жеребе тартылып, Қазақстан жасөспірімдері А тобында Қытай, Өзбекстан және Малайзия командаларымен ойнайтын болды. Бүгін Сергей Квактың шәкірттері Өзбекстанмен сынға түседі.
Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:
1. Заңғар Нұрланұлы,
2. Дамир Жалғасбай,
3. Даниэль Тазабеков.
Капитан: Сергей Квак.
Өткен жылы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеуден сәтті өтіп, алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан еді.
Іріктеу сайыстарына қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне өтеді. Жартылай финалға өткендер әлем чемпионатына жолдама алады.
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Турнир серіктесі - «Marai» ауыз суы
Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.