Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу жарысының ширек финалында ойнайды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогі Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстан құрамасы А тобында кеше Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен ұтса, бүгін Малайзияны ойсырата ұтты — 3:0.
Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0, 6:0.
Заңғар Нұрланұлы Девашты тас-талқан етіп жеңді — 6:1, 6:0.
Жұптық сында Д. Тазабеков — Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 6:0, 6:2.
Сәрсенбі күні Сергей Квактың шәкірттері Қытай құрамасымен ойнайды.
Қытайлықтар да ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Аталмыш матчта А тобынан қай команданың бірінші орынмен шығатыны шешіледі.
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Турнир серіктесі - «Marai» ауыз суы
Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.