Тимофей Скатов үш сағатқа созылған тарысты бәсекеде Мартин Клижаннан ұтылды

22.02.2021    Оқылғаны: 1257
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Тимофей Скатов Forte Challenger 100 турниріндегі жарыс жолын аяқтады.  Бірінші айналымда 20 жастағы жерлесіміз үш сағаттық драмаға толы ойында турнирдің жетінші ракеткасы словакиялық Мартин Клижанға есе жіберді – 4:6, 6:4, 6:7. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Словак теннисшісі бірінші сеттен тізгінді қолына алды. Бірақ қазақстандық келесі партияда қайсарлық танытып, оңайлықпен жеңіле қоймайтынын байқатты: екінші сеттің бірінші геймінде Клижан допты ойынға қосқан қарсыласының соққысына жауап беріп, алға шықты. Алайда сегізінші геймде Скатов брейк-пойнтты іске асырып, таразы басын теңестірді. Ойын өрнегін уысынан шығарып алған словак теннисшісі келесі сеттерде қателікке бой алдыра бастаған еді. Тимофей оны өз пайдасына сәтті қолдана білді. Партия жерлесіміздің пайдасына шешілді – 6:4. Кездесудің үшінші бөлігінің басында Скатов допты ойынға қосуда ұпай жоғалтты. Бірақ алтыншы геймде жинақылық танытып, ребрейк жасады. Осыдан кейін екі ойыншының да жеңіске ұмтылысы күшейе түсті.  Бір геймнен кейін екінші геймді алма кезек ұтқан спортшылардың ойыны тай-брейкпен аяқталды. Допты ойынға қосуы сәтті шыққан Клижан алға шықты. Ал есеп 4:3 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешіліп тұрған кезде Скатовтың допты ойынға қосуы көңілден шықпады. Ал брейк орындаған Мартиннің қимылы жандана түсті. Келесі әрекеттерінде сауатты қимылдап  7:6 есебімен жеңіске жетті. 

Ойын 3 сағат 16 минутқа созылды, қазақстандық теннисші жеті эйс орындады, бір қате жіберіп, 19 брейк-пойнттың  5-ін іске асырды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер