Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды

28.02.2021    Оқылғаны: 443
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Натан Паша - Макс Шнурмен кездесті. Бірінші партияда А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте де осы есеп тіркелді - 6:4. Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер