Forte Challenger 100 турниріндегі жекелей сындарының жеребесі тартылды

20.02.2021    Оқылғаны: 1075
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Сенбі күні 20 ақпанда Ұлттық теннис орталығының баспасөз конференция залында Forte Challenger 100 турнирінің ресми жеребесі тартылды - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Турнирдің бірінші нөмірі қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралияның соңғы ашық чемпионатында төртінші айналымға дейін жеткен америкалық Маккензи Макдональдпен ойнайды. Ресейлік Евгений Донской чех Томаш Мачекпен екінші айналым жолдамасына таласады. Неміс Седрик-Марсель Штебе поляк Каспер Жукпен ойнайтын болды.
Турнирді ұйымдастырушылардан wild card алған қазақстандықтардың да қарсыластары белгілі. Денис Евсеев алғашқы ойында Өзбекстанның бірінші ракеткасы Денис Истоминмен кездеседі. Тимофей Скатовқа Словак Мартин Клижан қарсылас атанды. Достанбек Ташбулатов Үндістанның бірінші ракеткасы Пражнеш Гуннесваранмен бабын сынайды.


 
Барлық матчтардың екі корттан жүргізілетін тікелей эфирін бір уақытта WWW.KTF.KZ  сайтында көруге болады
 
Турнирлердің бас демеушісі - Fortebank.
Турнирлердің ресми серіктестері - Kazzinc, Terra Motors, Aqua Rossa.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер