Қазақстандық 3 теннисші елордада өтетін челленджер турниріне шақырту алды
Елордада өтетін «Forte Challenger 100» турнирінің негізгі додасына қазақстандық үш теннисші арнайы шақырту алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұйымдастырушылар Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Достанбек Ташболатовқа осындай мүмкіндік берді. Жиырма жастағы Д.Ташболатов – Team Kazakhstan академиясының түлегі. 2017 жылдың аяғында ол 18 жасқа дейінгілер арасындағы ресми емес әлем чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Достанбек Orange Bowl турнирінің финалына дейін жетіп, Australian Open жасөспірімдер турнирінің негізгі додасына жолдама алды. Алайда жарақаты Аустралияда өнер көрсетуіне мүмкіндік берген жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада 21-28 ақпанда және 28 ақпан мен 7 наурыз аралығында ATP Challenger Tour сериясында халықаралық турнирлер өтетінін жазған болатынбыз.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.