Тимофей Скатов Алматы турнирінің финалында жеңіліп қалды

13.06.2021    Оқылғаны: 217
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов финалда әлемнің 259-ракеткасы, бельгиялық Зизу Бергспен күш сынасты. Бұл 20 жастағы Т.Скатовтың челленджер жарыстарындағы алғашқы финалы еді. Бірінші партия 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің еншісінде кетті. Екіншісінде 22 жастағы З.Бергс басымдылық танытты – 6:3. Ол үшінші, шешуші сетте де мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. Финалдық бәсеке тура екі сағатқа созылды. Қазіргі кезде Алматыда дәл осындай екінші челленджер жарысының іріктеу сайыстары өтуде.

Барлық матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан көруге болады.

Турнирлердің бас демеушісі - " Beeline»

Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan".


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер