Тимофей Скатов Алматы турнирінің ширек финалына шықты

09.06.2021    Оқылғаны: 184
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 385-ракеткасы, отандасы Денис Евсеевпен кездесті. Бірінші партияда Д.Евсеев айқын басымдылық көрсетті - 6:1. Екіншісінде Т.Скатов дәл сондай есеппен жауап қайырды - 6:1. Үшінші, шешуші сет әлдеқайда тартысты болды. Ақыры Скатов 6:4 есебімен жеңіске жетті. Т.Скатов Алматы додасының жартылай финалына шығу үшін рейтингте 327-сатыдағы франциялық Эвен Фернеспен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер