Дмитрий Попко Алматы турнирінің ширек финалына өтті

10.06.2021    Оқылғаны: 174
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әлемнің 195-ракеткасы Дмитрий Попко Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы доданың 6-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 338-орында тұрған 19 жастағы румыниялық Филип Жиянумен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші бірінші партияны брейкпен бітірді – 7:5. Д.Попко екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры осы басымдылықты сақтап қала алды – 6:3. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен таласады.

Барлық матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан көруге болады.

Турнирлердің бас демеушісі - " Beeline»

Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan".

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер