Тимофей Скатов Алматы турнирінің финалына шықты

12.06.2021    Оқылғаны: 164
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Тимофей Скатов Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші жартылай финалда өзінің құрдасы, әлемнің 279-ракеткасы, тайбэйлік Цзэн Цзэнмен шеберлік байқасты. Жасөспірім кездерінде екеуі де табысты өнер көрсетіп, өзара бір рет кездесіп, онда тайбэйлік теннисші жеңіске жеткен екен. Бірінші партияда Т.Скатов бастап доп берді. Тартысты геймде қарсыласы бес бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне сосын қазақстандық теннисші қос брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Бұдан кейін тайбэйлік спортшы брейк жасады. Дегенмен Тимофей бұл сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасағанымен, қарсыласы сол бойда есе қайырды. Есеп 4:3 болғанда, Т.Скатов тағы бір брейкке қол жеткізді. Сосын матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. Т.Скатов финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко немесе бельгиялық Зизу Бергстің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Барлық матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан көруге болады.

Турнирлердің бас демеушісі - " Beeline»

Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan".


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер