Тимофей Скатов Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирін жеңіспен бастады

07.06.2021    Оқылғаны: 164
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов  Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов алғашқы айналымда осы жарыстың 2019 жылғы жеңімпазы, әлемнің 178-інші, турнирдің 5-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен кездесті. Бірінші партияда 20 жастағы қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде италиялық спортшы есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Т.Скатов 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағат 54 минутқа созылды. Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 292-ракеткасы, тағы бір италиялық Риккардо Бонадио немесе рейтингте 385-сатыдағы отандасы Денис Евсеевтің біреуімен шеберлік байқасады.

Барлық матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан көруге болады.

Турнирлердің бас демеушісі - " Beeline»

Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan".


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер