Григорий Ломакин "Beeline Open Challenger 80 Almaty" негізгі турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

06.06.2021    Оқылғаны: 127
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық ойыншы француз ойыншысы Эван Фернесске 3:6, 1:6 есебімен жол берді, – деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

"Өткен аптада Шымкент қаласында өткен жарыстардан кейін біраз шаршап қалған сияқтымын. Ян Бондаревскиймен бірге ойнайтын жұптық ойындарға дайындаламын. Янмен Шымкентте қатарынан екі турнирді жеңіп алдық. Жеңісті серияны Алматыда жалғастырамын деп үміттенемін", - деді Ломакин.

Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Григорий доп беру кезеңінде екі рет қателік жіберіп, бірде-бір брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер