Достанбек Ташбулатов "Beeline Open Challenger 80 Almaty" жарысынан шығып қалды

06.06.2021    Оқылғаны: 103
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Іріктеудің бастапқы кезеңінде қазақстандық украиналық Владислав Орловтан  0:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды – деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

"Бірінші сетте мен өзіммен көбірек ойнадым. Бұл ойын мен үшін өте қиын болды", - деді 20 жастағы Ташбулатов ойыннан кейін Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ойын 1 сағат 17 минутқа созылды. Қазақстандық доп беру кезеңінде төрт рет қателік жіберіп, бірде-бір брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады.

Барлық матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан көруге болады.

Турнирлердің бас демеушісі - " Beeline»

Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan".

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер