«Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінде қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

05.06.2021    Оқылғаны: 126
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Алматыдағы «ЦСКА» теннис орталығында «Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы челленджер жарысының 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен сынға түседі. Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Денис Евсеев италиялық Риккардо Бонадиомен кездеседі. Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің 2019 жылғы жеңімпазы, тағы бір италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасады. Бейбіт Жукаевқа да мықты қарсылас тап болды. Ол доданың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен кортқа шығады.

Жұптық бәсекеде Достанбек Ташболатов пен Б.Жукаев алғашқы айналымда бельгиялықтар Зизу Бергс – Киммер Коппеянс, Д.Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге украиналық Владислав Манафов – ресейлік Евгений Турневпен жолдары тоқайласады. Сондай-ақ Т.Скатов испаниялық Карлос Химено Валеромен бірге испаниялықтар Адриан Менендес – Роберто Ортега, Д.Попко мысырлық Мохамед Сафватпен бірге канадалық Брайден Шнур – тайбэйлік Янг Цунг, Григорий Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге болгариялық Димитар Кузманов – италиялық Марко Моронимен ойнайды.

Барлық матчтардың тікелей эфирін сайттан көруге болады WWW.KTF.KZ.
 
Турнирлердің бас демеушісі – "Beeline".
Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan"


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер