Теннистен Дэвис кубогі: Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды
Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды.
Жарыстың бірінші күні, 3 ақпанда Астана уақытымен сағат 20.00-де АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды.
Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) мен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады.
Жексенбі күні сағат 20.00-де жұптық сында Александр Недовесов – Тимофей Скатов аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтенимен шеберлік байқасады. Сосын Скатов Серундоломен, соңғы ойында Попко Этчеверримен кездеседі.
Қазақстан құрамасына салқын тиіп, ауырып қалған Денис Евсеев көмектесе алмайды.
«Біздің командада қатардан шығып жатқандар бар. Бейбіт Жұқаев жарақатына байланысты келе алмаса, Евсеев осында дайындалғанымен, сырқаттанып қалды. Сондықтан жағдай қиын. Қарсылас команда күшті құрамын шығарды. Дегенмен Попко, Недовесов, Скатовтың соңына дейін күресетіні анық», деді команда капитаны Юрий Щукин.
BeeHome+ қосып, басты теннис турнирлерді тікелей эфирде көріңіз!
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.