Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

11.01.2024    Оқылғаны: 711
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен әйелдер арасында 14-28 қаңтарда өтетін Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды. 

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.

Елена алғашқы айналымда жеребеге сәйкес әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады.

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер