Болат Өтемұратов: шетелдік легионерлерге үміт артпай, мамандарды өзіміз дайындаймыз

07.12.2011    Views: 688
Source:
Author:
 
  Елімізде теннис спортының дамуы қарқын алып келеді. Қазақстанның құрама командасы әлемдік додадаларда топ жарып табысты өнер көрсете бастады.
 
  Мұндай табысқа мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай қолдау да септігін тигізді. Себебі:елімізде теннистің бұқаралық сипат алуы үшін бес жылдық бағдарлама қабылданды. Ол бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, елімізде 200-ден астам теннис корты салынды. Жоспарда тағы 60 алаң салу көзделіп отыр. Атағы жер жаратын дүлдүл споршыларымен ғана емес, осындай жетістіктерін үлгі тұтқан Қазақстан теннис федерациясы бүгін төрт жылда істеген жұмыстарын қорытындылады. Алқалы басқосуда үздік жаттықтырушылар мен әлемдік бәсекелерде ел намысын қолдан бермей жүрген спортшылар марапатталды. Болашағынан үміт күттіретін балғындарға бір жарым миллион теңге көлемінде грант берілді. Жиында Болат Өтемұратов федерация президенті болып қайта сайланды.
 
Болат Өтемұратов, Қазақстан теннис федерациясының президенті:
 
- Қаржылық дағдарысқа қарамастан, теннисті тұралатқанымыз жоқ. Алда солай бола да бермек. Мақсатымыз – осы спорт түрін серік еткен балаларға жан-жақты қолдау көрсету.Шетелден келетін легионерлерге үміт артқанша, мамандарды өзіміз дайындағанымыз артық қой.

For more information, please follow our social media accounts Instagram, Facebook and YouTube.

Federation partners

Information partners