Томаштың мұрагері Томаш
Қазақстан астанасында екі аптаға созылған теннис мерекесі аяқталды. Forte Challenger 100 және Forte Challenger 125 турнирлерінде қатысушылар әдемі ойын, өкінішке толы жеңілістер, мен жарқын эмоциялар сыйлады. ҚТФ баспасөз қызметі турнир қорытындысын ұсынады.
Forte Challenger 125 турнирінің шешуші кездесуі австриялық Себастьян Офнер мен чех Томаш Махач арасында өрбіді. 24 жастағы Себастьян спорттық мансабында әлі үлкен жеңістер мен атақтарға ие болған жоқ. Әлемдік рейтингте 163-ші орында. Ал Австрия өкілі үшін Нұр-Сұлтан – сәттілік әкелетін қала. 2018 жылы ол «Челленджерде» жеңіске жеткен еді.
Әлемдік және Чехия теннисінің жұлдызы Томаш Бердыхпен аттас және оның спорттағы мұрагері деп танылған Томаш Махач финалға дейін швейцариялық Хенри Лааксоненді, америкалық Forte Challenger 100 чемпионы Маккензи Макдональдты, оңтүстік кореялық Сун-Ву Квон мен үнді Праджнеш Гуннесваранды жеңіп, керемет ойын өрнегін көрсетті. 20 жастағы Махачтың да біршама тәжірибе жинақтап өскені байқалады. Ол 2018 жылы алғашқы рет АТР рейтингіне еніп, маусымды 536-орында аяқтады, ал 2019 жылы 357-сатыға көтерілді. 2020 жылы 195-ші орынға тұрақтады. Ал қарсыласы Томаш 7 наурыздағы жағдай бойынша әлемнің 166-ракеткасы. Forte Challenger 125 турниріндегі жеңісі мен басқа жарыстарға да қатысуын ескерсек, чех теннисшісі жыл соңына дейін топ-100-ге кіруі әбден мүмкін.
Финал көпшілік күткендей шиеліністі, тартысқа толы болды. Офнер бірінші сетте 5:2 есебімен алға шыққанымен партияны өз есебіне жаза алмады, қарсыласына тағы екі геймді беріп қойды. Австриялық теннисші тек төртінші әрекетінде ғана сетболды жүзеге асырды. Махач жеңісті оңайлықпен бермейтіндігін білдіріп, екінші сеттің бас жағында брейкке қол жеткізді. Бұл әрекеті партияны өз пайдасына аяқтауға мүмкіндік жасады.
Кездесудің тағдыры үшінші сетте шешілді. Геймболдағы есеп 2:2 болған сәтте Томаш соққан доп сызықты болар-болмас жанап өткен еді, қапталдағы төреші аут тіркеді, бірақ корт төрешісінің шешімі Чехтің пайдасына қабылданды. Офнер өз кезегінде бұл шешімге қарсылық білдіріп, келіскен жоқ. Төрешілер арасындағы дау австриялыққа түк пайда әкелмеді, ол келесі геймде жеңіліп қалды. Оның бұл қателігі матч нәтижесіне нүкте қойды, барынша жинақы ойнауға тырысқан Махач кездесуді өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп: 4:6, 6:4, 6:4. Томаш Махач – Forte Challenger 125 турнирінің чемпионы!
«Кез-келген финалда жеңіске талас шиеленісті жағдайда өрбиді. Қарсылас өте жақсы ойнады, дпты ойынға қосулары да сәтті шықты. Бірақ бірінші сеттегі қателіктеріме көңілім түскеніне қарамастан, мен жеңіске жеттім. Маған Қазақстан ұнайды, бұл менің төртінші саяхатым және қайта жол түсіп жатса, қуана қабыл аламын», – деді Махач марапаттаудан кейін.
Сандар сиқырына үңілуді ұнатындар үшін біз екі турнирдің шағын статистикасын ұсынамыз. Ең көп эйсті – Forte Challenger 125 финалисті Себастьян Офнер жасады, оның қоржынында 54 эйс бар. Екінші орынды америкалық Маккензи Макдональд пен үндіс Пражнеш Гуннесваран өзара бөлісті – әрқайсысының еншісінде 47 эйс. Үздік үштікті 41 эйспен турнир жеңімпазы Томаш Махач түйіндеді
Ең ұзақ ойын словак Мартин Клижан мен қазақстандық Тимофей Скатов арасында өтті - олардың кездесуі 3 сағат 15 минутқа созылды. Үндіс Праджнеш Гуннесваран жартылай финалда жеңілгеніне қарамастан «Ең қысқа матч» номинациясының жеңімпазы атанды. Жапония өкілі Итоны тізе бүктіруге оған бар болғаны 42 минут қажет болды.
Сонымен қатар, турнир кезінде ойыншылар мен ұйымдастырушылар пайдаланған заттардың да статистикасын ұсынамыз:
• 2600 жұп қолғап;
• 1250 қорғаныс маскасы;
• Антисептиктің 703 құтысы;
• 308 сүлгі;
• 2 502 бөтелке су (0,49 л);
• 102 кг банан желінді.
Турнирдің бас демеушісі - ForteBank.
Ресми серіктестер - Kazzinc, Terra Motors, Aqua Rossa

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.