Forte Challenger 125 турнирі: үш қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті

03.03.2021    Оқылғаны: 933
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Александр Недовесов, Григорий Ломакин және Тимофей Скатов жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге ресейліктер Ян Бондаревский – Алибек Кочмазовпен күш сынасты. Қазақстандық-сербиялық жұптың айқын басымдылығымен өткен бәсеке 6:0, 6:1 есебімен аяқталды. Григорий Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге қарсыластары, индус НСрирам Баладжи және словениялық Блаж Рола кортқа шықпағандықтан, ширек финалға жолдама алды. А.Недовесов – В.Троицки, Д.Попконың серіктесі А.Метревели жарақатына байланысты жартылай финалға өтті.  Тимофей Скатов екінші айналымда аустриялық Себастьян Офнермен шеберлік байқасып, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды. Т.Скатов фин Отто Виртаненмен бірге  ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскойды жеңді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер