Свен Грёнефельд: «Мен Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын»
Моника Селеш, Мария Шарапова, Роджер Федерер Томми Хаас, Марио Анчич және басқа да теннис жұлдыздарының бұрынғы тәлімгері Свен Грёнефельд ҚТФ баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.
Свен, Қазақстанға қош келдіңіз! Бұл сіздің біздің елге жасаған алғашқы саяхатыңыз, елорда туралы, турнирді ұйымдастыру деңгейі туралы алғашқы әсеріңізбен бөліссеңіз. Кеше желіде сіздің аязға балаша қуанған сәтіңізді көрдік.
- Бірінші кезекте осы турнирді өткізгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қазақстан теннис Федерациясында жұмыс істейтін менің бұрыннан келе жатқан досым Дэйв Майли маған Қазақстан туралы көп жақсы ақпарат берді, сондықтан мен осында келуді тағатсыздана күттім. Инфрақұрылым маған қатты әсер етті, өте жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Турнирдің өзі ең жоғары деңгейде өтіп жатыр – бізде қажеттінің бәрі бар. Орталық, бірінші және екі жаттығу корттары өте сапалы. Сондай-ақ, ойыншыларға жасалған жағдайдың да өз деңгейінде екенін де атап өткен жөн. Оның ішінде: мейрамхана, көлік пен ракеткалар қызметі және коммуникация. Біз қалаға ат басын тіреген таңғы сағат 4-тен бастап еріктілер күтіп алып, барлық қажет құжаттарды реттеуге көмектесті. Мен және ойыншылар мұны өте жоғары бағалаймыз. Ауа-райы суық болатынын білдік. Әуежайда алдымен жылы куртка сатып алдым. Негізінде мен суық ауа-райын жақсы көремін. Отаным Нидерландыда коньки тебу ең сүйікті спорт түрлерінің бірі, сондықтан жергілікті тұрғындардың мұзы қатқан өзенде коньки тепкенін көргенде қатты таң қалдым. Қазақ мәдениетімен жақынырақ танысқаныма қуаныштымын. Өкінішке орай, пандемияға байланысты қатаң ереже жүргендіктен, мен әлі қаланы аралаған жоқпын.
Instagram-ғы парақшаңызда сіз 10sBalls.com блогын жүргізесіз, қызықты жазбалар жазасыз. Бұл сіздің хоббиіңіз бе?
- Иә, бұл менің хоббиім. Маған әлеуметтік желіде күнделік жүргізген ұнайды. Менің жаттықтырушы ретінде 30 жылдық тәжірибем бар, оны бөлісу өте жақсы қадам деп ойлаймын. Осы платформаның арқасында мен корттан тыс болатын көптеген қызықты оқиғалармен, ақпаратпен бөлісе аламын. Кеше, мысалы, көшеде серуендеп жүріп, көпір мен жағалаудың шамдарын оқырмандарыма көрсеттім. Мен адамдардың мұны бағалайтынын білемін.
Шәкіртіңіз Даниэль Тарот туралы әңгімелессек. Сіз онымен жұмысты бастағанда, оның әлеуетін бірден көрдіңіз бе?
- Мен Таротпен жұмысты 2019 жылдың соңында бастадым. Даниэль Топ-100-ге оралуды қатты қалады, ойынды жақсарту керек болды. Ол жауапкершілігі мол адам, теннис десе ішкен асын жерге қоятын спортшы.
Сіз көптеген атақты ойыншыларды жаттықтырдыңыз. Жаттықтырушы ретінде бойыңыздағы артықшылықтарыңыз қандай?
- Ең алдымен мен ойыншыны қамқорлығыма аламын. Оның мықты деген қырын жеңіске жетелейтін қаруға айналдыруға тырысамын.
Сіз бір кездері жасөспірімдердер арасында Роджер Федерермен жұмыс істедіңіз. Сол кездері оны біршама уақыттан кейін әлемдік теннистің жұлдызына айналады деп ойладыңыз ба?
- Иә, мен оның өте дарынды екенін байқадым. Шынымды айтсам, ол болашақта әлемдік теннистің жұлдызы болады дегенді ойлағам жоқ. Оның спортқа адалдығы таң қалдырмай қоймайды. Егер 20 жыл бұрын біреу бізге Роджер «Үлкен дулыға» турнирінің 20 дүркін жеңімпазы атанады және 310 апта бойы әлемдегі нөмірі бірінші теннисші болады деп айтса, біз оған «Бұл мүмкін емес!» дер едік (күлді).
Әңгіме соңында Мен сізге үш блиц сұрақ қойғым келеді.
1. Қазақстан астанасын атаңыз?
- - Нұр-Сұлтан.
2. Қазақстанның қазіргі президенті кім?
- Ах! Есімде болған, кінәлімін, бірақ ... ұмытып қалыппын, кешіріңіз…
Соңғы сұрақ – Даниэль Тарот жекелей сында Челленджер сериясының қанша турнирін жеңіп алды?
- О, бұл жақсы сұрақ! Ол менімен екі турнирде жеңіске жеткенін білемін. Менің ойымша, ол бес дүркін жеңімпаз. Дұрыс па?
Жоқ! Ол «Челленджер» сериясының жеті турнирінде жеңіске жетті.
- Қарай көр (күлді). Енді білетін боламын!
Свен, уақыт бөлгеніңізге рақмет. Сізге және сіздің шәкірттеріңізге жарқын жеңістер тілейміз!
- Рақмет!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.