КҮННІҢ БАСТЫ СҰХБАТЫ - Михаил Кукушкин
28.10.2020 Оқылғаны: 1240
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан Дэвис Кубогының жұлдызы Михаил Кукушкин бүкіл әлемге табысты кәсіби теннисші ретінде танымал. Кәсіби мансабында ATP рейтингінде 39-шы орынғадейін көтерілді. Соданкейін Кукушкин санын қатты жарағаттап алды және 2012 жылыекі ота жасатты. Алты ай бойыжарыс жолына шықпаған теннисшінің рейтингісі 430 сатыға бір-ақ сырғыды.
Жеке физиотерапевт ұсынған Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Михаил денсаулығын түзеп, кезекті турлардан кейін үздік жүз ойыншының қатарына қайта қосылды. Қазақстан жұлдызды соңғы 10 маусымның 9-ын үздік жүздікте аяқтады (2010-11, 2013-19), ал 2019 жылы ол 22 жеңісімен жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ осы жылы Марсельде жекелей сында финалға шыққаннан кейін 25 ақпанда рекордтық 39-орынға көтерілдіі. 2010 жылы ол Санкт-Петербургтегі ATP турнирінде өзінің алғашқы титулын жеңіп алды және үш турнирде финалист болды: Мәскеу (2013), Сидней (2015) және Марсель (2019).
Қазіргі уақытта 32 жастағы Кукушкин US Open-тің 3-ші раундында және Ролан Гаррос чемпионатының 2-ші раундында 91-ші орында. 2020 жылдың басында ол Австралия ашық теннис чемпионатында жерлесі Александр Бубликпен бірге Үлкен Дулығаның жұптық разрядында алғаш рет жартылай финалға дейін жетті.
Әлемдік кестеде 76-орынды иеленген Аргентина ойыншысы Федерико Дельбонисті 6-7 (5), 6-3, 6-2 есебімен жеңгеннен кейін, Кукушкин екінші раундқа шыққан жалғыз қазақстандық атанды. Ал матчтан кейін Astana Open Media командасына сұхбат берді.
В. Бүгінгі матч туралы пікіріңізді білсек?
- Мен алғашқы сеттен жеңіс үшін таласқа қосылдым, бірақ шешуші сәттерде қателікке бой алдырдым, сол үшін жазаландым да, бірінші сет қарсыласымның еншісінде кетті. Бірақ қалған екі сетте жинақталып, тізгінді өз қолыма алдым.
В: Дэвис Кубогы мен басқа да турнирлерде жанкүйер қолдауына ие болған спортшысыз,бүгін бос трибуналар қоршауында ойнау қиындық туғызбады ма?
- Мен бұл стадионда әрдайым жанкүйерлердің қатысуымен ойнайтынмын, бірақ бүгін бос стадионда ойнау ерекше болды. Алайда, мұның бәрі пандемияның нәтижесі, сондықтан біз қазіргі нормаларға үйренуіміз керек. Бұл үлкен мәселе, бірақ мен үйреніп келемін.
В. Пандемия мен ұзақ үзілістер қалай әсер етті?
- Иә, пандемия басқаларға қалай әсер етсе, мен де сондай күйде болдым. Формаға оралу қиындық туғызған, бірақ мен бұл бағытта көп тер төгудемін. Жалпы алғанда ойынға қосылу мен үшін айтарлықтай ауыр болған жоқ. Astana Open - мен үшін табысқа жетудің және жоғары рейтингтерге қол жеткізудің тамаша мүмкіндігі деп санаймын.
В. Өз үйіңізде АТР турниріне қатысу ерекше әсер қалдыратын шығар?
- Иә, әрине! Мен беделді АТР турнирінде алаң қожайыны атануды бақыт санаймын. Мен ешқашанда елімізде үлкен деңгейдегі теннис турнирі өтеді деп ойлағаным жоқ. Бұл үлкен мәртебе және күнде жаттығып жүрген кортта беделді жарысқа қатысу үлкен мақтаныш.
В. АТР турнирінің аясындағы жарыстардың Қазақстанға келгені туралы ойыңыз қандай?
- Теннис Қазақстанда аса танымалдыққа ие спорт түрі саналған жоқ. Бірақ мен Қазақстан теннис федерациясы мен федерация президенті Болат Өтемұратов мырзаның еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол спортты дамытуға орасан зор күш жұмсады, қазір елімізде кәсіби теннис турнирі бар. Өз елімде АТР турнирінің аясында өтетін жарыста бабымды сынау мен үшін маңызды сәт.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.