КҮННІҢ НЕГІЗГІ СҰХБАТЫ – Тимофей Скатов
25.10.2020 Оқылғаны: 916
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші қарқынын үдете түсті. Оның танымалдығы артып келеді, ал қазақстандық теннисшілер халықаралық аренада үздік көрсеткіштерге қол жеткізуде. Бүгінгі күнге еліміздің он екі ойыншысы ATP әлемдік рейтингіне енгенін мақтанышпен айта аламыз. Оның екеуі үздік жүздікте – Александр Бублик (49) және Михаил Кукушкин (84).
Дмитрий Попко (173) мен 19 жастағыТимофей Скатов (450) тәжірибелі Александр мен Михаилдың лайықты ізбасарлары. Жасөспірімдер рейтингінде бірінші орында болған Тимофей 2020 жылы ITF кәсіби турнирінің үш жарысында жеңіске жетті. Спорт әлемінде тыныштық орнаған кезеңде жерлесіміздің бұл жеңісі жанкүйерлерді қуантып қана қоймай, оның әлемдік кәсібилер рейтингінде көтерілуіне мүмкіндік берді.
Төменде Тимофей мен Astana Open Media Team арасында өткен сұхбат ұсынылады
В. Бұл ATP турындағы алғашқы тәжірибеңіз. Сенім ақталды ма?
Шынымды айтайын, осындай беделді турнирде алғашқы қадам жасау кез келген жас спортшы үшін тамаша мүмкіндік. Мен Қазақстан АТР турнирін қабылдайды деп ойлағаным да жоқ. Оның үстіне бүкіл әлемде пандемия орнаған жылы өтеді деген таңғаларлық жағдай. Сондықтан мен ең алдымен осындай ауыр кезеңде беделді турнирді елімізде өткізуге мүмкіндік жасаған Қазақстан теннис федерациясына алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ ATPтурының жекелей сынында негізгі кестеде өнер көрсетуге құқық берген уайлд-кард үшінде рахмет айтамын.
В.ITF пен ATP турнирлерінің бір бірінен айырмашылығы қандай?
ATP турының матчтары өзге жарыстардан бір саты жоғары. Биыл ITF турнирінің кезеңдік ойындарынан кейін челленджерлерде өнер көрсетуді жоспарлаған едім. Бірақ пандемияға байланысты олар өте аз көлемде өтті. Өз елімде өтіп жатқан Astana Openтурнирі менің кәсіби дамуыма үлкен себеп болады дегенге сенемін.
В. Осы чемпионаттан не күтесіз?
ATP 250 чемпионатында кортқа шығуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Ал алғашқы қадамым өз елімде болғаны бұл қуанышты еселей түсті. Қандай да бір үміт артып отырғаным жоқ, бірақ барымды салуға аянып қалмасым анық.
В. Сіздің кәсіби спортшы ретінде қалыптасуыңызға Қазақстан теннис федерациясының әсерін қалай бағалайсыз?
Қазақстан теннис федерациясы менің спорттық жолымда әрдайым көмектескен, және осы жұмысты жалғастырып келеді. Уайлд-кард – кәсіби мансабыңды бастауға берілген тамаша мүмкіндік. Маған енді өзімнің күшімді көрсетіп, сенімді ақтау керек.
В. Болашаққа жоспарыңыз қандай?
Барлығы осы чемпионатта қалай өнер көрсететініме байланысты. Бірнеше айналымнан өтсем, қоржынға ұпай салсам тамаша болар еді. Келесі жылы бірқатар челленджерлерге қатысу жоспарда бар.
В. Жанкүйерлеріңізге не айтасыз.
Қазір менің жанкүйерлерім айтарлықтай көп емес, уақыт өте олардың саны ұлғая түседі деп сенемін. Бірақ барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін рахмет айтамын. Жарыс алаңында сіздердің сенімдеріңізді ақтап, еліме жеңіс сыйлауға барымды саламын.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.