Astana Open WTA 250. Турнирге қатысушыларды таныстыру

10.09.2021    Оқылғаны: 120
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан астанасы 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында бір апта бойы сұлу теннис ойынының орталығына айналады. Жер-жаһанның белді теннисшілері беделді турнир - Astana Open WTA 250 турнирінің кубоктарын жеңіп алмаққа әлемнің әр түкпірінен Қазақстанға ат басын тіремек, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Біз кеше ғана ерлер арасындағы турнирге қатысушыларды таныстыруды бастадық. Енді тал шыбықтай бұралған аруларға кезек береміз.
 
Топырақ жабын патшайымы - Юлия Путинцева
Алты жасында ракетканы қолына алғаш ұстап көрген Юлия оңқай, топырақ жабында ойнағанды ​​құп көреді. Жасөспірім шағында, дәлірек айтқанда 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін, Муратоглу академиясына түсу үшін Парижге көшті. Араға жыл салып, яғни он бес жасында US Open турнирінің жекелей сынында финалына шықты. Екі жылдан кейін Аустралия ашық чемпионатында тура осындай нәтижеге қол жеткізді.

WTA сериялы турнирлеріндегі жетістіктері:

2021 — Hungarian Grand Prix WTA 250 (топырақ) турнирінің жеңімпазы;
2019 — NURNBERGER Versicherungscup WTA 250 (топырақ) турнирінде топ жарды;
2018 — Guangzhou Open WTA 250 (хард) турнирінің финалисі;
2019 - St. Petersburg Ladies Trophy WTA 500 (хард) турнирінің финалына шыққан

Кристина Младенович – тегі серб, франциялық теннисші

Нұр-Сұлтанда өтетін турнирдің ең атақты қатысушысы Кристина Младенович болары сөзсіз. Бойында сербтің қаны бар франциялық қыз Францияда, Сент-Пол-сюр-Мер қаласасында дүниеге келді. Кристинаның отбасы спортқа жақын жандардан тұрады: әкесі - гандболшы (ол 1984 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан), анасы - кәсіби волейболшы, ал ағасы футболды жақсы көреді. Кристина Grand Slam турнирлерінің жұптасып ойнаудан бес турнир жеңімпазы (France Open 2016, 2019, 2020, Australian Open 2018, 2020), аралас жұп санаты бойынша Grand Slam турнирінің екі турнирінің чемпионы (Wimbledon 2013, Australian Open 2014), сонымен  қатар жұптасып өнер көрсетуде «Жылдың ақтық турнирінде» екі рет топ жарса, жұптық санат бойынша әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы саналады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер