Ярослава Шведова: «Алдағы турнир қызығушылықты арттырмақ және Қазақстанда теннистің дамуына тың серпін береді»
Биыл 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қазақстан астанасында алғаш рет WTA 250 сериясының турнирі - Astana Open өтеді. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова бұл тарихи оқиғаның маңызын атап өтіп, оның өткізілуі біздің елде теннистің танымал болуына септігін тигізетінін айтты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
«Мен WTA сериялы турнирдің Қазақстанда алғаш өтетініне өте қуаныштымын, біз мұны көп күттік. Өткен жылы елордада Astana Open ATP 250 жоғары деңгейде өтті, біздің турнирге келген ойыншылар мен жаттықтырушылар маған әлі де турнирдің керемет ұйымдастырылғанын, Қазақстанның, адамдардың және жарыстың жалпы ұйымдастырылуы қатты ұнады деп өз эмоцияларыын жеткізіп жүреді. Енді қыздарымызға өз еліне келіп, өз алаңында ойнауға мүмкіндік бар. Елімізде жарыстар жүйесі құрылып жатқаны өте жақсы. Нұр-Сұлтанда әйелдер арасындағы жаңа турнир өткізу - баршамыз үшін алға басқан қадам болмақ. Теннисті дамытуға қызығушылық танытқандардың болғаны жақсы», - деді Шведова.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
10.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
09.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
09.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
08.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі