Ақтауда арбадағы теннис бойынша KPMG Open халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды
Каспий жағалауында арбадағы теннис бойынша ITF Wheelchair 50 сериясына жататын KPMG Open халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл – қазіргі күндері Қазақстан қабылдап жатқан көктемгі жарыстар сериясының екінші кезеңі. Ақтау корттарында Азия мен Еуропаның 10 елінен келген 60-тан астам спортшы, соның ішінде Паралимпиада ойындарының қатысушылары бас қосты. Теннисшілер бас жүлде мен халықаралық рейтингтегі маңызды ұпайларды сарапқа салды.
Қазақстан мұндай жоғары деңгейдегі додасын осымен екінші жыл қатарынан өткізіп отыр. 2025 жылы Астанада ұйымдастырылған алғашқы KPMG Open турнирі Орталық Азиядағы ITF Futures аясындағы тұңғыш халықаралық жарыс ретінде тарихқа енген болатын. Биыл турнир ауқымы айтарлықтай кеңейді: Ақтауға әлемдік рейтингтің үздік жүздігінен 14 ойыншы келді. Ал ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы сапында еліміздің алты өңірінен жиналған 23 теннисші өнер көрсетті.
.jpg)
Турнирдің мәртебесі жоғары екенін финалдық бәсекелер де дәлелдей түсті – барлық санаттар бойынша бас жүлде иегерлері тек тартысты әрі тең дәрежелі ойындарда анықталды.
Ерлер
.jpg)
KPMG Кавказ және Орталық Азия компаниясы 2023 жылдан бері Қазақстандағы арбадағы теннисті дамытуға қолдау көрсетіп, осы бағыттың бас серіктесі болып келеді. KPMG Open турнирі Халықаралық теннис федерациясының (ITF) аясында, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды және ресми әлемдік күнтізбеге енгізілген. Айта кетейік, бұл паралимпиадалық спорт түрі «Үлкен дулыға» сериясы турнирлерінің бағдарламасына да кіреді.
«Бір жыл ішінде турнир деңгейі айтарлықтай өсті: өткен жылғы сегіз ойыншымен салыстырғанда, биыл Ақтауға әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігінен 14 бірдей теннисші келді. Ал қазақстандық қатысушылардың саны екі еседен астам артты. Бұл біздің спортшылар үшін үлкен халықаралық тәжірибе жинақтауға, рейтингтік ұпайларды иеленуге және әлемнің ең үздік шеберлерімен өз үйімізде бәсекелесуге зор мүмкіндік береді», — деп атап өтті KPMG Кавказ және Орталық Азия компаниясының серіктесі, Инвестициялар және капитал нарықтары департаментінің басшысы Диас Калажанов.
.jpg)
Қазақстанда өтіп жатқан көктемгі жарыстар сериясы – арбадағы теннис шеберлері үшін маусымның ең маңызды кезеңі. Биылғы күнтізбе бойынша алдымен Rixos Water World Aktau Open турнирі сәтті өтсе, екінші кезең Ақтаудағы осы KPMG Open додасы болды. Ал 23-26 мамыр аралығында бұл серияны рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын Zijin RG Gold Open турнирі жалғастырады.

-
Жеке сын (Негізгі кезең):
- Жеңімпаз: Мохамад Юсшазван Юсофф (Малайзия, №40 ITF WTT)
- Финалист: Суреш Дхармасена (Шри-Ланка, №36 ITF WTT)
-
Екінші дивизион (Негізгі кезең):
- Жеңімпаз: Андрей Фильчук (Қазақстан)
- Финалист: Санат Есмагамбет (Қазақстан)
-
Жеке сын (Жұбаныш жарысы):
- Жеңімпаз: Сутхи Кхлонгруа (Таиланд, №47 ITF WTT)
- Финалист: Алексей Гребнев (Ресей)
-
Жұптық сын:
- Жеңімпаздар: Налуэмитр Бенкхунтход / Сутхи Кхлонгруа (Таиланд)
- Финалистер: О Санг-Хо (Оңтүстік Корея) / Мохамад Юсшазван Юсофф (Малайзия)
-
Жеке сын (Негізгі кезең):
- Жеңімпаз: Виктория Львова (Ресей, №23 ITF WTT)
- Финалист: Джу-Юн Парк (Оңтүстік Корея, №42 ITF WTT)
-
Жеке сын (Жұбаныш жарысы):
- Жеңімпаз: Жанат Үмітқұлова (Қазақстан, №124 ITF WTT)
- Финалист: Айшуақ Жетпісова (Қазақстан, №151 ITF WTT)
-
Жұптық сын:
- Жеңімпаздар: Людмила Бубнова / Виктория Львова (Ресей)
- Финалистер: Хан Ин Кюнг / Джу-Юн Парк (Оңтүстік Корея)
-
Жеке сын (Негізгі кезең):
- Жеңімпаз: Бунчерд Джайен (Таиланд, №60 Quad)
- Финалист: Кю-Сын Ким (Оңтүстік Корея, №56 Quad)
-
Жеке сын (Жұбаныш жарысы):
- Жеңімпаз: Сомбут Ямпапха (Таиланд, №54 Quad)
- Финалист: Мин-Хён Ча (Оңтүстік Корея, №42 Quad)
-
Жұптық сын:
- Жеңімпаздар: Бунчерд Джайен / Сомбут Ямпапха (Таиланд)
- Финалистер: Мин-Хён Ча / Кю-Сын Ким (Оңтүстік Корея)
.jpg)
KPMG Кавказ және Орталық Азия компаниясы 2023 жылдан бері Қазақстандағы арбадағы теннисті дамытуға қолдау көрсетіп, осы бағыттың бас серіктесі болып келеді. KPMG Open турнирі Халықаралық теннис федерациясының (ITF) аясында, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды және ресми әлемдік күнтізбеге енгізілген. Айта кетейік, бұл паралимпиадалық спорт түрі «Үлкен дулыға» сериясы турнирлерінің бағдарламасына да кіреді.
«Бір жыл ішінде турнир деңгейі айтарлықтай өсті: өткен жылғы сегіз ойыншымен салыстырғанда, биыл Ақтауға әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігінен 14 бірдей теннисші келді. Ал қазақстандық қатысушылардың саны екі еседен астам артты. Бұл біздің спортшылар үшін үлкен халықаралық тәжірибе жинақтауға, рейтингтік ұпайларды иеленуге және әлемнің ең үздік шеберлерімен өз үйімізде бәсекелесуге зор мүмкіндік береді», — деп атап өтті KPMG Кавказ және Орталық Азия компаниясының серіктесі, Инвестициялар және капитал нарықтары департаментінің басшысы Диас Калажанов.
.jpg)
Қазақстанда өтіп жатқан көктемгі жарыстар сериясы – арбадағы теннис шеберлері үшін маусымның ең маңызды кезеңі. Биылғы күнтізбе бойынша алдымен Rixos Water World Aktau Open турнирі сәтті өтсе, екінші кезең Ақтаудағы осы KPMG Open додасы болды. Ал 23-26 мамыр аралығында бұл серияны рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын Zijin RG Gold Open турнирі жалғастырады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.