Индиан-Уэллс турнирі: Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады

12.03.2025    Оқылғаны: 177
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалынан тыс қалды.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен жолықты.

Өткен айда Дубайдағы дәл осындай жарыстың жартылай финалында Андреева Рыбакинаның жолын кескен еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте ресейлік спортшы брейк жасап, күш алып кетті – 6:1. Екінші сетті Елена брейкпен бастағанымен, жиі қателесіп, сол қарқынын жалғастыра алмады – 1:4. Ақыры 2:6 есебімен жеңіліс тапты.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер