Амир Омарханов Тунисте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

28.02.2025    Оқылғаны: 618
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Амир Омарханов ATP рейтингісінде 1036-орында тұрған қазақстандық теннисші, Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Турнирдің жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары. Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы (ATP 738) 7:5, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ширек финалда Амир франциялық Шарль Бертимонмен (ATP 1343) немесе турнирдің бірінші ракеткасы саналатын германиялық Том Гентцпен (ATP 472) кездеседі. Бұл ойын ертең, 28 ақпан күні түстен кейін өтеді.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер