Australian Open: Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева үшінші айналымға жолдама алды
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатында сәтті ойнап жатыр.
Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен бетпе-бет келді.
Рыбакина бірінші партияда бет қаратпады – 6:0. Екінші сетте Йович ұзаққа созылған геймде есепті теңестірді – 1:1. Сосын тіпті брейк жасап кетті – 2:1. Дегенмен Елена алысқа ұзатпады – 3:3. Содан кейін өзі алға шықты – 5:3. Матчқа доп бергенде, қиналған жоқ – 6:3.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Елена Рыбакина төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, украиналық, 24 жастағы Даяна Ястремскаямен кезедседі. Ол небәрі 52-минутта черногориялық Данка Ковиничті ойсырата ұтты – 6:0, 6:1.
Әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 204-орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды сынап көрді. Путинцева бірінші партияны 6:2 есебімен аяқтады. Екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:1.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Юлия 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін өз пайдасына жазды. Юлия Путинцева төртінші айналымға өту үшін әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
07.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі