Australian Open: Юлия Путинцева келесі айналымға өтті
Әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 41-орында тұрған армениялық Элина Аванесянмен өткізді.
Бірінші партияда армениялық теннисші сәттірек ойнады – 6:4. Екінші сетте Путинцева брейкпен алға кетті – 2:0. Бірақ сетке доп бергенде, Аванесян таразы басын теңестірді – 5:5. Дегенмен Юлия тағы бір брейк жасап, дегеніне жетті – 7:5. Үшінші, шешуші партияны да Путинцева брейкпен бастады – 2:0. Сосын тағы бір брейкпен есепті 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, есесін жіберген жоқ – 6:2.
Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін рейтингіде 204-сатыдағы қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқастырады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
08.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі