Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

24.09.2024    Оқылғаны: 683
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0, екіншісі 6:2 есебімен аяқталды. Бұған дейін Зарина Диас кеше Ребека Машаровадан басым түскен.

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер