Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды
Қазақстан теннис федерациясы ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның денсаулығына байланысты Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын өкінішпен хабарлайды.
Қазіргі кезде Елена жіті бронхит ауруына шалдыққан, дәрігерлер оған кортқа шықпақ түгілі, тіпті ұшақпен жарысқа ұшып баруына да қатаң тыйым салған. Рыбакина Олимпиадада керемет ойын көрсету үшін барын салып дайындалды, алайда сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады.
Қазақстан теннис федерациясы Еленаға тезірек сауығып, кортқа табыспен оралуына шын жүректен тілектестігін білдіреді. Біз оған сенеміз және жаттығу мен жарыстарға оралуын күтеміз.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
13.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
11.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі