Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

25.06.2024    Оқылғаны: 753
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады. 

Заринаның «Үлкен дулыға» жарыстарындағы басты табыстары осы Уимблдонға байланысты екенін айта кетейік. Ол 2014 және 2015 жылдары төртінші айналымға дейін жеткен болатын.

Бұл жолы Дияс іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 208-ракеткасы, таиландтық Мананчэйа Савангкаевпен кездесті. Брейк алмасумен басталған матчта Зарина 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Зарина іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викеримен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер