Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады

19.06.2024    Оқылғаны: 553
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін Путинцева күш алып кетті – 6:3. Екіншісінде де сол қарқынынан тана қойған жоқ – 6:4.

Юлия ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининамен жолығады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер