
Бублик пен Путинцева Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шықты
Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 112-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен бетпе-бет келді.
Бублик 6:4, 7:5, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті. Александр Бубликтің келесі қарсыласы — әлемнің 41-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфф.
Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингіде өзінен төрт саты жоғары тұрған америкалық, 2017 жылғы АҚШ чемпионы Слоан Стивенспен өткізді.
Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның төртеуінде Путинцева жеңген еді. Бірақ өткен жылы Франция ашық чемпионатының үшінші айналымында Стивенс ұтқан-ды.
Бұл жолы Юлия айқын басымдылық танытты - 6:1, 6:2.
Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 28-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултер немесе рейтингіде 139-сатыдағы испаниялық Паула Бадосаның қай жеңгенімен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.