
Ролан Гаррос турнирі: Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалына өтті
Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына өтті.
Франция ашық чемпионатында талай рет бақ сынаған 36 жастағы теннисші бұл жолы іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Ли Тудың меселін қайырды.
Кукушкин матчты 6:4, 6:2 есебімен аяқтады.
Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 206-ракеткасы, италиялық Франческо Маэстреллимен шеберлік таластырады. Оны ұтса, Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























