
Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Франция ашық чемпионатында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан 36 жастағы қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 151-ракеткасы, швейцариялық Леандро Ридимен жолы түйісті.
Тәжірибесі мол Кукушкин сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта көп қинала қойған жоқ — 6:4, 6:3.
Михаил Кукушкин іріктеу турнирінің финалына шығу үшін әлемнің 215-ракеткасы, Аустралия өкілі Ли Тумен таласады.
Ол дүниежүзілік рейтингіде өзінен он саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Оливер Кроуфордты тартысты матчта тізе бүктірді — 6:7 (4:7), 6:4, 6:2.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 229-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 200-ракеткасы, франциялық Валентин Ройеге жол берді — 6:7 (2:7), 5:7.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























