
Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты
Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирін сәтті өткізіп жатыр.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, америкалық Кэролайн Доулхайдтың мысын басты.
Бірінші партияда Путинцева қос брейкке жеткізді – 6:2.
Юлия екінші сетте де қарсыласына мүмкіндік берген жоқ – 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін қос ресейлік, әлемнің 11-ракеткасы Дарья Касаткинамен жолығады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
20.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі

























