Михаил Кукушкин Бахрейндегі челленджер жарысының жеңімпазы атанды

19.02.2024    Оқылғаны: 98
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 130-ракеткасы, франциялық Ришар Гаскемен бас жүлдені сарапқа салды.

Кукушкин бірінші партияда тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Содан кейін екінші сетті де алды – 6:4.

Бір сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. 
Михаил Кукушкин осы табысының арқасында ATP рейтингісінде бірден 162-орынға көтерілді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер