Андрей Голубев Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты

20.10.2023    Оқылғаны: 542
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда португалиялық Франсишку Кабраль – ұлыбританиялық Анри Паттенмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Голубев пен Молчановтың мерейі үстем болды – 7:6 (7:4). Екіншісінде португалиялық-ұлыбританиялық дуэт есе қайырды – 7:6 (7:3).
Супер тай-брейкте Голубев – Молчанов жеңісті жұлып алды – 10:8.

Андрей Голубев – Денис Молчановтың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер