Анна Данилина жұптық сында Гамбург турнирінің финалына шықты

28.07.2023    Оқылғаны: 981
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда италиялықтар Ангелика Морателли – Камилла Розателломен бақ сынасты.

Бірінші партияда италиялық жұп сәтті ойнады – 6:3.

Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық-ресейлік дуэт есе қайырды – 7:6 (7:5). Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Анна мен Александра 12 брейк-пойнттың тек үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина – Александра Панова финалда доданың 2-ракеткалары, чехиялық Мириам Колодзиэева – америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер