Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

09.07.2023    Оқылғаны: 840
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгренмен ойнады.

Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

Кукушкин финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер