Елена Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын үшінші ракетка болып қорғайды

29.06.2023    Оқылғаны: 715
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.

Дүниежүзілік рейтингіде де үшінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.

Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылмақшы.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер