Андрей Голубев жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

09.06.2023    Оқылғаны: 599
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Андрей Голубев Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер жарысының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге екі кездесуін жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық-украиналық жұп алдымен босниялық Дамир – Джумхур – ресейлік Павел Котовты тізе бүктірді – 7:6 (7:4), 6:3.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген Голубев пен Молчанов ширек финалда франциялық Джонатан Эйссерик – мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Андрей мен Денис басымдылық танытты – 6:4. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Жүлде қоры 145 мың еуроға бағаланған аталмыш турнир 11 маусымда мәресіне жетеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер