Теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

24.05.2023    Оқылғаны: 877
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Лондонда Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық әйелдер құрамасы В тобында Билли Джин Кинг кубогін жеті рет ұтқан Аустралия, сондай-ақ Словениямен ойнайды.

Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алады.

Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы сәуірде іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Испанияның Севилья қаласында 7-12 қарашада өтетін финалдық додада 12 команда бақ сынайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер